
Фильм ұйыққыштар үйінің бірінде танысқан этникалық өзбек қызы Анора мен орыс олигархының ұлы Ваняның арасындағы махаббатқа негізделген. Екі ғашықтың қосылуына қарсы болған ата-ананың әрекеті мен Ваняның жігерсіздігі сюжеттің драмасына өзек болады.
Бірқатар киносыншы бұл фильмді ең жоғарғы сыйлыққа лайық деп таныса, кейбірі туындының сапалық деңгейі өте төмен екенін алға тартады. Олар бұл пікірін фильмде ашық сахналардың шектен тыс көп болуымен байланыстырады.
Бұған Өзбекстанның біршама азаматы наразылығын білдірді.Осы себепті өзбек билігі бұл фильмді ел кинотеатрларынан және онлайн-платформалардан көрсетуге тыйым салды.